Иранның Израильмен ынтымақтастықтан бас тартуға шақырған үндеуіне қатысты түсініктеме – СІМ
Сурет: pixabay
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Иранның Израилмен экономикалық ынтымақтастықтан бас тартуға шақырған үндеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Қазақстанның көпвекторлы саясатқа үнемі сүйенетінін жеткізді.
"Біз көршілердің ұсыныстарын елеп-ескеріп отырамыз. Бірақ, соған қарамастан, біз өзіміздің тәуелсіз сыртқы саясатымызды жүргіземіз. Өзімізге тиімді бағыт-бағдарды таңдаймыз. Басты назарға басқа елдің емес, Қазақстанның ұлттық мүддесі қойылады. Экономикалық жағынан да, басқа жағынан да біз әрқашан өз мүдделерімізді алға қоямыз". Айбек Смадияров
Қараша айында Иран Президенті Ибрахим Раиси ислам елдерін Израильге қатысты санкциялар, соның ішінде еврей мемлекетіне мұнай жеткізуге эмбарго енгізуге шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript