Алматы полициясы Бақытжан Базарбектің баласының бесік арбасын өртеген адамдарды іздестіріп жатыр
Сурет: Facebook/bbazarbek
Алматы полициясы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі бесік арбаны өртеп жіберуге қатысы бар адамдарды анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі нәресте арбасын өртеп жіберуге қатысы барларды анықтап жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары мәжілісменнің Алматыдағы пәтерінің алдында тұрған арбаның өртенгені жөніндегі ақпартты растады.
"Медеу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жөнелтілді. Қазір оқиға орнында тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл дерек тіркелді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде өртенген арбаның суретін жариялап, мұны белгісіз біреулердің қоқан-лоқысы деп есептейтінін жазған еді.
"Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіріп отырғандай сезінесің! Не болса да тергеу қорытындысын күтейік", – деп жазды депутат.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript