Алматыда Бақытжан Базарбектің баласының бесік арбасын өртеп жіберді деген күдікті ұсталды

Бақытжан Базарбек, қастық, бесік арба, депутат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 10:26 Сурет: Facebook/bbazarbek
Алматы полицейлері мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің баласының бесік арбасын өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақытжан Базарбектің өзі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлағандай, күдікті бірден анықталып, ұсталған.

"Қаскөй анықталып, ұсталды", – деп жазды депутат.

Күдікті қайдан, қалай ұсталғаны жарияланған жоқ. Депутаттың Facebook желісіндегі кейбір оқырмандары "арбаны өртеп жіберген адам біреудің бұйрығымен әрекет еткен болуы мүмкін" деген болжам айтты.

Бұған дейін Алматыда Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі нәресте арбасын белгісіз біреу өртеп жібергенін жазған едік. Депутаттың өзі бұл оқиғаны "Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіріп отырғандай сезінесің" деп мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: