Қазақстанда дәптерлері бар жүк көлігін өртеп жіберген адамды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді
Сурет: Ақтөбе облысы ПД
Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері мектеп дәптері бар көлікті өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың 21 тамызында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қылмыс жасалғаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүргенін хабарлады.
"Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады", — деп хабарлады ДП.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.
Бұған дейін алматылық тұрғынның басқа біреудің Land Cruser 200 көлігін тапсырыспен өртеп жібергені туралы айтқан болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript