Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жедел медицина көмегінің жан басына шаққандағы стандарты ұлғайды

Қазақстанда жедел медицина көмегінің жан басына шаққандағы стандарты ұлғайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 10:52 Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі бұйрығымен тегін медицина көмегінің кепіл берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медицина қызметтерінің тарифтеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тегін медицина көмегінің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел медицина жәрдемі станцияларына бекітілген бір адамға жедел медицина көмегін көрсету және білікті мамандарды тарта отырып жедел жәрдем көліктерімен көрсетілетін медицина көмегінің жан басына шаққандағы нормативі ұлғайтылды.

Мысалы, былтырғы 267,51 теңгеден 305,73 теңгеге өскен. Бұл стандарт республиканың барлық облысында және Алматы, Астана және Шымкент қалаларында белгіленген.

Бұйрық 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: