Қазақстанда жедел жәрдем қызметіне қаржыландыру артады

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 13:18 Фото: primeminister.kz
Денсаулық сақтау министрлігі кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі шегінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерге түзетулер енгізуге дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулердің мақсаты – жедел медициналық көмек қызметіне түсетін артқан жүктемені қаржылай қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, кепілдік берілген тегін медициналық көмектің шеңберінде жедел жәрдем қызметіне қаржыландыруды арттыру ұсынылады:

"Жедел жәрдемнің 4 санатты шұғыл шақырулары үшін жұмыс уақытынан тыс көрсетілетін қызметтерге төлем тарифтері 1 тіркелген адамға 340 теңгеден 360 теңгеге дейін көтерілді. Бұл жедел жәрдем қызметтерінің ресурстарын күшейтіп, азаматтардың шақыруларына жылдамырақ әрекет етуге мүмкіндік береді", – делінген құжатта.

Жалпы, түзетулердің негізгі мақсаттары:

  • шақыруларға жедел әрекет ету қабілетін арттыру;
  • науқастарға көрсетілетін көмектің сапасын жақсарту;
  • жедел жәрдем бригадаларына түсетін артқан жүктемені қолдау.

Министрліктің айтуынша, тарифті арттыру жедел жәрдем жұмысының тиімділігін күшейтіп, медициналық көмектің әрбір қазақстандыққа қолжетімді әрі уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Бұйрық жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтында 15 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: