Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептерде алғаш рет "Ақындар айтысы" өтеді

Мектептерде алғаш рет "Ақындар айтысы" өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 16:22 Сурет: Zakon.kz
Биыл 11 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымында бірінші тоқсан бойы "Ақындар айтысы" суырып салма ақындар мүшәйрасы өтеді.

Байқау "Төрт тоқсан – төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізіліп жатыр. Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Қазірдің өзінде Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында "Ақындар айтысы" ашық сабақтары басталып кетті.

"Ақындар айтысы" байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады.

"Бұл байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау", - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: