Алматы облысында бала балабақшадағы оқыс оқиға салдарынан көз жұмды

Алматы облысында бала балабақшадағы оқыс оқиға салдарынан шетінеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 09:15 Сурет: primeminister.kz
13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажет сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жасалып жатыр. Тергеу барысын мен жеке бақылауыма алдым", - деп жазды Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram-дағы парақшасына.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жарияланбайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: