Алматы облысында 8 жасар қызды ұрлап кеткен ер адам 10 жылға сотталды
Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың жазында Алматы облысындағы Қарғалы ауылынан 8 жасар қыздың ұрланғаны туралы хабар халықты дүр сілкіндірді. Қызды ауыл тұрғындары құтқарып қалмағанда, соңы немен аяқталатынын елестутдің өзі қорқынышты болар еді.
Кейінірек оқушы қыз бейтаныс ер адам қалай ұрлап кеткенін және мас күйінде оған тиіспек болғанын, тіпті қонақүйден бөлме жалдамақ болып әрекеттенгенде ақшасы жетпей қалғанын бүге-шүгесіне дейін айтып берді.
"Осы кезде үй иесінің аулаға шыққанын көрген қыз ер адамның қолынан босап шығып, оны ер адам алдап ұрлап бара жатқанын айтқан, үй иесі болған жайды дереу видеоға түсіре бастайды. Мұны көрген ер адам қашып кеткен". Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі
Үкімде айтыландай, сотталушы кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған қызға қатысты ешқандай арам ойы болмағанын айтып, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады.
"Жәбірленушінің анасы сотталушыны кешірмей, соттан оған қатаң жаза тағайындауды сұрады. Үкім шығару кезінде өкінгенін жеңілдететін мән-жай ретінде, ал оның мас күйде қылмыс жасауын ауырлататын мән-жай деп таныды". Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі
Нәтижесінде сот ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript