Павлодарда оқушы қыз сегізінші қабаттан құлап, мерт болды
Сурет: Zakon.kz
Павлодарда 15 қыркүйекте сағат 21:30-да 14 жасар қыз биіктіктен құлады. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясына шұғыл келіп түскен мәліметтен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Максим Горький көшесінде орналасқан 10 қабатты үйдің сегізінші қабатынан 2009 жылғы қыз бала құлап, өмірімен сәйкес келмейтін жарақаттардан мерт болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Медициналық топ бірінші жеделдік санаты бойынша оқиға орнына аттанды. Фельдшерлер діттеген жерге үш минутта жетті", делінген облыстық жедел жәрдем станциясының хабарламасында.
Оқиға орнына жеткен ақ халаттылар 2009 жылғы қыздың өлімін тіркеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript