Ресейдің ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды
Сурет: Zakon.kz
Түркияның Анталиясынан Екатеринбургке ұшып шыққан ресейлік Red Wings әуе компаниясының ұшағы 18 қыркүйек күні таңертең Ақтөбеге шұғыл қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейлік E1.ru басылымының жазуынша, ұшақ Екатеринбургке жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-де жетуі тиіс болған. Оның орнына Ақтөбе әуежайына қонды. Ондаған ресейлік турист жаңа рейсті күтуге мәжбүр болды.
"Техникалық ақау шыққанын хабарлады, әрі қарай не болатыны әзірге белгісіз, барлық адамды ұшақтан шығарып, кедендік бақылаудан өткізді", – деді жолаушылардың бірі E1.ru сайтына.
Бұл – Қазақстан көгінде болған екінші жағдай. Қыркүйектің 17-сі күні Алматыдан Ташкентке ұшып бара жатқан ұшақ қозғалтқышының істен шығуына байланысты бұрылуға мәжбүр болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript