Атыраудан Алматыға бет алған ұшақ Қызылордаға шұғыл қонды

Ұшақ шұғыл түрде Қызылорданың әуежайына ұшақ қонды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2023 11:12 Сурет: Zakon.kz
Атыраудан Алматыға ұшқан ұшақ жолаушылардың бірінің денсаулығына байланысты шұғыл түрде Қызылордаға қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

FlyArystan әуе компаниясының хабарлауынша, 1 шілдеде Атырау-Алматы бағытындағы KC7196 рейсі сағат 7:00-де Қызылордаға шұғыл қонды. Оған жолаушылардың бірінің денсаулығының нашарлығы себеп болған.


"Жолаушы Қызылордада медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Ұшаққа жанармай құйылды, ол Алматыға ұшуға дайындалып жатыр", - делінген әуетасымалдаушы хабарламада.

Әуе компаниясы рейстің кешігуіне тасымалдаушының кінәсі болмағанын атап өтті.

Бұған дейін Дубайдан Алматыға ұшатын қазақстандықтар техникалық себептерге байланысты шетелде біраз уақыт "құлыпталған".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: