Тель-Авивтен эвакуацияланған қазақстандықтар мінген ұшақ Алматыға қонды

Израиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 00:19 Сурет: Zakon.kz
Тель-Авивтен қазақстандықтар мінген ұшақ Алматыға қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Борт Тель-Авивтен Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те ұшып шыққан. Ұшақ Ақтау арқылы Алматыға ұшып келді.

Бортта барлығы 166 жолаушы, оның екеуі - нәресте. 

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Тел-Авивтен ұшып келген қазақстандық Артур Ковалевский өз елін шексіз мақтан тұтатынын айтты.

"Өз елімді өте мақтан тұтамын. Қателеспесем, Қазақстан - өз азаматтарын қайтарып алған жалғыз ел. Чат, бәрі-бәрі дереу ашылды. Онда министрліктің, Air Astana-ның қызметкерлері жан-жақты қолдау көрсетті. Қазақстан өз азаматтарын дереу қайтарып алған жалғыз мемлекет екенін қайталап айтқым келеді. Сол үшін де алғысымыз шексіз", - деді ол.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасаған еді.

"Қазақстан тарапы көп бейбіт тұрғынның қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдап отыр. Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: