Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген арнайы ұшақ Алматыға келіп қонды
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы қазақстандықтарды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СІМ таратқан мәлімет бойынша, бүгін, яғни 2023 жылғы 17 қараша күні арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді.
"Әуежайдағы барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетілуде", – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Министрлік сәтті іске асырылған эвакуациялау Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы Елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.
"Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР СІМ азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және еш кедергісіз шығуы туралы уағдаластыққа қол жеткізді".ҚР СІМ баспасөз қызметі
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстандық дипломаттар қақтығыс аймағында қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript