Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-дағы шошқа фермасындағы қайғылы оқиға: Адамдар өліміне не себеп болғаны айтылды

Кәріз құдығы, СҚО, Тайынша ауданы, шошқа фермасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 18:13 Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа өсіретін кешеніндегі оқыс оқиғаның себептерін анықтау және тергеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 қыркүйекте EMC Agro компаниясының хабарлауынша, комиссия СҚО, Тайынша ауданында болған оқиғаны тергеуді аяқтады. Оның қорытындысы бойынша, жазатайым оқиға мен адам өлімінің себебі мыналар деп танылды:

  • технологиялық процестерді сақтамау;
  • қауіпсіз еңбек әдістерін оқытудағы кемшіліктер;
  • жеке қорғаныс құралдарын қолданбау;
  • зардап шеккендердің өрескел қателігі, яғни абайсыздық.

Комиссия қайғылы жағдайдың бірінде жұмыс берушінің кінәсі - 40%, ал қалған бөлігінде жұмысшылардың кінәсі 20% деген қорытындыға келді. "ЕМС Agro" ЖШС өкілдері тергеуге көмектесе отырып, комиссия жұмысына да ат салысты. Компания басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Олардың отбасыларына 60 млн теңге көлемінде жәрдемақылар тағайындалып, материалдық және моральдық көмек көрсетілді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа шаруашылығы кешенінде оқыс оқиға 1 тамызда болды. Төрт жұмысшы ауысымды өткізуге келмеген, іздеу барысында олардың денесі кәріз құдығының түбінен табылды. Адамдардың өліміне аммиактың булануы себеп болғаны анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: