Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан азаматы отбасымен Сирияға барып, лаңкестерге қосылған

Қазақстан азаматы отбасымен Сирияға барып, лаңкестерге қосылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 13:05 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне қатысты терроризмді насихаттағаны, діни араздықты қоздырғаны және лаңкестік топтың әрекетіне қатысқаны үшін қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 25 қыркүйекте шығарған қаулысына сай, Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты ер адамды осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, алты жыл бас бостандығынан айырды.

"Тергеу 2016 жылы сотталғанның отбасымен бірге Сирияға кеткенін, ол ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымының құрамында болғанын анықтады".ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жерін анықтауға, содан кейін шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстап, 2023 жылдың маусым айында Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бақылауымен жеткізуге мүмкіндік туды.

"2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді", - деп түсіндірді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

2023 жылдың 23 қыркүйегінде Қостанай облысының аудандық соты терроризмді насихаттады және діни араздықты қоздырды деген күдікке ілінген азаматты жеті жылға бас бостандығынан айырғаны белгілі болды. Үкім 20 қыркүйекте күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: