Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда экс-шенеуніктер қамауға алынды

Атырау, шенеунікғ алаяқтық, өкілеттікті асыра пайдалану, жер қатынастары, жер, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 11:55 Сурет: Zakon.kz
Атырауда лауазымды тұлғалар алаяқтық жасады және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 26 қыркүйек күні облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалаушы органның нақтылауынша, Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамалды.

"Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдіктенуде. Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді".Атырау облысының прокуратурасы

Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: