Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған ақпарат үшін қандай жаза қарастырылған

Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін қандай жаза қарастырылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 14:20 Сурет: unsplash
ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуевтың айтуынша, биыл ішкі істер органдары жалған терроризм фактілері бойынша 118 қылмыстық іс тіркеді. 21 қылмыстық іс бойынша күдіктілер анықталып, ұсталды.

11 адамға қатысты үкім шығарылды, олар түрлі қылмыстық жазаға тартылды. Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген (Қылмыстық кодекстің 273-бабы “Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау”).

ІІМ осындай “орынсыз қалжың” үшін қандай жаза қарастырылатынын еске салды.

"Мұндай қылмыс жасаған адамдар арасында кәмелетке толмағандар саны артқан. Мысалы, былтыр терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлар жасағаны үшін 12 кәмелетке толмаған ұсталды, олардың үшеуі бас бостандығын шектеуге байланысты нақты қылмыстық жазаға тартылды. Биыл 11 жасөспірім ұсталды. Бүгінде төрт балаға қатысты іс қылмыстық жаза жасына жетпеуіне байланысты тоқтатылды. Олардың ата-анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау” жауапқа тартылды, оларға айыппұл салынды. Бірақ қалған балаларға қатысты тергеу жалғасып жатыр", – деді Дархан Разуев.

Спикердің айтуынша, бұған балалардың интернет-ресурстарды бақылаусыз пайдалануы әсер етті. Түрлі деструктивті топтарда балалар белгісіз адамдардың ықпалына түсіп, өздерінің жеке дерегін, телефон нөмірін, электронды жәшіктердің мекенжайын беріп қояды. Ал олар өз кезегінде балалардың атынан көрінеу жалған хабарламаларды жібере бастайды. Мұндай жағдайлар болды.

"Сондықтан ата-аналарға айтарым: баланың интернет желісіндегі әрекетін қадағалап, қандай сайттарға кіретінін және қандай ресурстарға қызығатынын бақылау қажет. Бұл қылмыс түрі үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығын мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады. Егер мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған жағдайда залалды өтеу оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі". Дархан Разуев

Көрінеу жалған хабарламалар материал шығын әкеліп қана қоймай, шұғыл қызметтердің уақытын алады. Дархан Разуевтың айтуынша, құқық қорғау органдарында қылмыстың бұл түрін ашуға барлық мүмкіндік бар.

"Біздің қажет техникалық құралдарымыз, бағдарламаларымыз бар. Шетелдік әріптестермен де тығыз байланыстамыз. Мұндай қылмыстар жазасыз қалмайды", – деп қорытындылады ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: