Бір жылда 31 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына алданған
Сурет: Zakon.kz
ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Қазақстандағы қаржы пирамидасына қарсы іс-қимыл бойынша ішкі істер органдарының жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Санжар Әділовтің айтуынша, былтыр елде 31 мыңнан астам адам қаржы пирамидаларына алданған.
Өткен жылы ел бойынша 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Оларға барлығы 54 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Бүгінде ішкі істер органдарының өндірісінде осы санаттағы 65 қылмыстық іс бар, онда 3 мыңнан астам жәбірленуші бар. ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов
Тәжірибе көрсеткендей, кейінгі жылдары қылмыскерлердің қызметі экономикалық белсенділіктің жоғарылауымен, сонымен қатар халықтың инвестицияларға қызығушылық таныта бастауымен байланысты.
Сұраныс ұсынысты тудырады, - деді ведомство өкілі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript