Павлодарда есірткі жеткізудің ірі арнасы жойылды

Павлодар, есірткі жеткізу арнасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 14:15 Сурет: polisia.kz
Павлодар полицейлері өңірге есірткі жеткізу арнасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын жеткізу арнасын анықтады.

Павлодарда 47 жастағы жүргізуші ұсталды, тінту кезінде оның көлігінен жүргізуші орындығының астынан қорап табылды. Оның ішінде марихуана салынған полиэтилен пакет болған.

"Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы шамамен 5,3 келі, тұрғылықты жерінен жатын бөлмесінде металл құты табылды, оның ішінде сатуға дайындалған жалпы салмағы 1,2 келі гашиш салынған 16 бума сақталған", – делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: