Ұлытау өңірінде бірнеше мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Ұлытау облысы, жалған диплом, мұғалім, Ұстаздар күні, сыйлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 10:27 Сурет: Zakon.kz
Ұлытау өңіріндегі білім беру ұйымдарында тоғыз мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, бұл фактілерді облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері анықтаған.

Бар болғаны 9 айда бұл салада үш қылмыстық, 14 әкімшілік іс тіркелген.

Мғалімдер күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары мектеп басшыларымен және білім басқармасының бөлімдерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылағаны айтылды. Мысалы, 10 АЕК-тен жоғары сыйлық алған мұғалімге 7 миллион теңгеге жуық айыппұл салынады.

Сыйлық берушілерге де жауапқа тартылады.

Маңғыстау облысында 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Енді олар осы күнге дейін мемлекеттен алып келген үстемақыны қайтаруға тиіс

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: