Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысының 18 жастағы тұрғыны TikTok арқылы жоқ пәтерлерді жалға берген

Красный Яр, алаяқтық, жалға берілетін пәтер, TikTok, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 11:46 Сурет: pixabay
Ақмола облысының полицейлері Красный Яр ауылының 18 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі екі тергеу жүргізіп жатыр. Бойжеткен алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің 5 қазанда тартақан мәліметі бойынша, Көкшетау полициясына жергілікті колледждің екі студенті хабарласқан. Олар TikTok арқылы бір қызбен танысқанын, ол қыз шығындарды бөлісіп, бірге пәтер жалдап тұруды ұсынғанын айтқан. Ол жөндеу жұмыстарына байланысты жатақханадан шығып қалғанын, баспанаға мұқтаж екенін, басқа студенттермен бірлесіп пәтер жалдап тұрып, пәтерге кететін шығынды азайтқысы келетінін айтқан.

Қыздар жаңа құрбысына сеніп, оның атына алдын-ала төлем аударған, бірақ көрсетілген мекен-жайға келгенде ешқандай пәтер жалға берілмейтіні анықталған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 80 мың теңге болды.

Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ата-анасымен тұратын Красный Яр ауылының 18 жастағы тұрғыны жаңа таныстарының сенгіштігін пайдаланып, ақша таппақ болған. Ешқандай баспанаға мұқтаж болмаған. Қазір оның үстінен тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: