Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық жігіт ұсталды
Сурет: Telegram/police_of_kz
Шымкентте халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент қаласы полиция департаментінің мәлімдеуінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы көрші елдің азаматын құрықтады.
"Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түсті", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары оның ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылардың қатарынан екенін анықтады.
Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript