742 адамға 10 млн теңгеден астам сыйақы мен төлемді заңсыз аударып келгендер ұсталды

742 адамға 10 млн теңгеден астам сыйақы мен төлемді заңсыз аударып келгендер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 10:27 Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді. Оның айтуынша кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.

Көлік прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақы мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтады.

Бұдан бөлек Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған.


"Қазір заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: