Тоқаев Щучинск қаласындағы студенттің жұмбақ өлімін тексеруді тапсырды
Бұл жөнінде Ақорданың Telegram-арнасындағы 2023 жылғы 10 қазандағы хабарламасында жазылды.
"Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек".Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.
2023 жылғы 7 қазанда Ақмола облысындағы Бурабай – Жамантұз темір жол өткелінде бір студент жігіттің мәйіті табылды.
Көп ұзамай полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.
Артынша желіде марқұм студенттің анасының президент пен Ішкі істер министрлігі басшысына жазған видео үндеуі жарияланды.
Әйел ұлынан белгісіз біреулер бірнеше рет ақша бопсалағанын айтты. Сондай-ақ марқұмның анасы қалада ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істейді деп есептейтінін айтты.
"Ұлым Романнан ақша бопсалады, бұған қоса психологиялық және физикалық қысым жасалды", – дейді ол.
Әйел Қасым-Жомарт Тоқаевтан осы жағдайды реттеп, бопсалауды тоқтатуға көмектесуін сұрады.