Щучинск қаласындағы студенттің жұмбақ өлімі: қосымша екі қылмыстық іс қозғалды

ҚР ІІМ, қылмыстық іс, Ақмола облысы, Шучинсктегі студент өлімі, ұйымдасқан қылмыстық топ, ақша бопсалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 13:24 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының Ақмола облысы Щучинск қаласының 19 жастағы тұрғынының өлімін жан-жақты тергеу бойынша берілген тапсырмасымен ІІМ орталық аппараты мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы жедел-тергеу тобы Шучинскке аттанды.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қосымша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу), сондай-ақ қаза тапқан адамның туыстарының одан ақша бопсаланды деген арызымен ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

"Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", – делінген хабарламада.

2023 жылғы 7 қазанда Ақмола облысындағы Бурабай – Жамантұз темір жол өткелінде студент жігіттің мәйіті табылды.

Көп ұзамай полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Артынша желіде марқұм студенттің анасының президент пен Ішкі істер министрлігі басшысына жазған видео үндеуі жарияланды.

Әйел ұлынан белгісіз біреулер бірнеше рет ақша бопсалағанын айтты. Сондай-ақ марқұмның анасы қалада ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істейді деп есептейтінін айтты.

Әйел Қасым-Жомарт Тоқаевтан осы жағдайды реттеп, бопсалауды тоқтатуға көмектесуін сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қазан күні Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучинск қаласында болған студенттің өліміне қатысты қайттың барлық мән-жайын жан-жақты тексеруді тапсырды.

Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: