"Бәйтерек" холдингі Чехия инвесторларымен ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр
Чех-Қазақстан бизнес форумында "Бәйтерек" ұлттық холдингі" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов холдингтің қызметін экономиканың басым секторына, оның ішінде ауыл шаруашылығына қолдау көрсететін Қазақстан үкіметінің негізгі қаржы операторы ретінде таныстырды.
Осылайша Нұрболат Айдапкелов форум қатысушыларына Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені инвестиция үшін, оның ішінде Чехия инвесторлары үшін ең тартымды секторлардың бірі екенін айтты.
"Қазақстанның агроөнеркәсіп секторы шетелдік компаниялардың инвестициясы үшін тартымды болуына әсер ететін негізгі фактор – бай жер ресурсы мен қолайлы географиялық орны". Нұрболат Айдапкелов
Оның айтуынша, қазір Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені – инвестиция үшін ең тартымды сектордың бірі. Оның ішінде чех инвесторлары үшін де. Атап айтқанда: құс етін өндіру, сиыр етін өңдеу, ірімшік және сүзбе өндіру, қант өндіру, балық өсіру, алма өсіру бағы, сүт фермалары, мал бордақылау алаңы, репродуктор, жылыжай, дақылдарды өңдеу және суару.
Қазақстан фермерлері Чехия компанияларымен 15 жылдан астам уақыт бойы серіктес. Соның ішінде "Бәйтерек" холдингінің көмегімен өзара байланыста.
Холдингтің портфельдік активтерін таныстыра отырып, холдинг басқарма төрағасының бірінші орынбасары экономиканың өңдеуші салаларындағы, соның ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі жобаларды қолдауға бағытталған және 20 жылға дейінгі мерзімге 7 миллиард АҚШ долларынан бастап несие беретін Қазақстанның даму банкі туралы айтты.
Qazaqstan Investment Corporation бойынша халықаралық институционалдық инвесторлармен бірлесе отырып, экономиканың түрлі саласындағы, соның ішінде ауылшаруашылығы саласындағы компанияларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін private equity қорлары тиімді басқарылады.
Аграрлық несие корпорациясы егіс жинау жұмысын, инвестициялық жобаларды және қаржы институттарын қаржыландырады. Аграрлық несие корпорациясы 2 мың АҚШ долларынан басталатын сомада 6% жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен (субсидияларды қоса алғанда) 10 жылға дейінгі мерзімге және 36 айға дейінгі жеңілдікпен өтеу мерзімімен несие береді.
Сонымен қатар "ҚазАгроҚаржы" – ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары нарығының 90%-ға жуығын алып жатқан Қазақстандағы ең ірі лизингтік мекеме. Серіктестік фермерлерге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын жеңілдетілген шарттармен лизингке алуға қолдау көрсетеді.
"Холдингтің еншілес ұйымдары – "Аграрлық несие корпорациясы" және "Қазагроқаржы" АҚ қызметі басталғаннан бері Чехиядан ауыл шаруашылығы техникасын, құрал-жабдықтарын және ірі қара малды әкелуге жалпы сомасы 17,3 млн АҚШ доллары көлемінде қолдау көрсетілді".Нұрболат Айдапкелов
Бүгінде агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыратын еншілес ұйымдардың несие портфелі шамамен 3,3 млрд доллар болды. Қазір 90 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдарының клиенттері. Несиенің орташа мөлшері – 61 мың АҚШ доллары.
"Біз Чех-Қазақстан компаниялар арасындағы 15 жылдан астам агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, екіжақты сауда-инвестициялық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделіміз және аграрлық сектордағы жобаларды қаржыландыру үшін қолданыстағы несие бағдарламаларымен нақты ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз".Нұрболат Айдапкелов
Сонымен қатар 3 қазанда өткен үкімет отырысында холдингтің басқарма төрағасының бірінші орынбасары жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібіндегі 30-дан астам жобаны "Бәйтерек" қаржыландырғанын хабарлады.