Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәйтерек" холдингі мен Huadian энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр

"Бәйтерек" холдингі мен Huadian энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 11:31 Сурет: "Бәйтерек" холдингі
Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік аясында "Бәйтерек" ұлттық холдингі мен қытайлық Huadian компаниясы энергетика саласындағы ірі жобаларды іске асыруға ниетті.

Маңғыстау облысында қуаты 150 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл қондырғы алдағы төрт жылда пайдалануға берілмек. Ол өңірдегі электр энергиясының тапшылығын шешуге көмектеседі. Сонымен қатар Қазақстан өңірлерінде қуаты 600 МВт жел электр станцияларын салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар "Бәйтерек" холдингінің еншілес компаниясы "Qazaqstan Investment Corporation" (QIC) China Huadian Overseas Investment Ltd. компаниясымен энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты.

Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, QIC Басқарма төрағасы Айнұр Қуатова және China Huadian Overseas Investment директорлар кеңесінің төрағасы Цю Тяньгэнь мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді шешуге бағытталған келісімге қол қойды.


, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 11:31

Сурет: "Бәйтерек" холдингі


Басты мақсат – елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту, энергетика саласына инвестиция салуды жандандыру және шетелдік капиталды тарту.

Келісім шарттарын орындау шеңберінде, мамандандырылған жұмыс тобы құрылмақ. Оның мүшелері ақпарат алмасады және жобалардың тізбесін айқындайды. Сонымен қатар оларға талдау жүргізеді, қажет құжаттаманы әзірлейді. Сонымен бірге тараптар осы саладағы Қазақстан мамандарының кәсіби дағдыларын арттыру үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады.

Энергетикадағы мұндай үйлестірілген тәсіл Қазақстанда алғаш рет қолданылмақ және жасыл энергетикаға біртіндеп көшіре отырып, көмірсутекке тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Айта кетейік, осындай жобаларды Қытайлық серіктестер өз аумағында сәтті жүзеге асырған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: