Алматыда электрші бағана басында тірідей жанып кетті

Алматы, электрші, еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 10:50 Сурет: pixabay
Алматыда электр желілерін жөндеп жатқан электрик тірідей жанып кетті. Қалалық полиция сараптама тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болған жайттың бейнежазбасы Egovpress Telegram арнасында жарияланды.

Хабарламада Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің басшылығы электршіні жұмысқа жабдықсыз жібергені айтылған.

"Салдарынан электрші тірідей өртеніп, бағанаға жабысып қалды", – дейді автор.

2023 жылғы 13 қазан күні қалалық полиция осы фактіге байланысты Түрксіб полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды, мән-жай анықталып жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

2023 жылғы 12 қазан күні Қонаевтағы қарттар үйінде зейнеткер тірідей өртеніп кетті. Қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мәліметінше, ер адам бөлмеде жалғыз тұрған. Басшылықтың айтуынша, зейнеткер темекі тұтатып, соның салдарынан оның киімдері жанып кеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: