Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда балабақшада өрт шығып, 121 бала эвакуацияланды

Қостанай облысы, балабақша, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 17:50 Сурет: Қостанай облысы ТЖД
Қостанайда 16 қазан күні түс ауа №4 бөбекжайда өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші қабаттағы музыка кабинетінде ағаш және қағаздан жасалған сахналық бұйымдар, терезенің ағаш жақтауы және кеңсе жабдықтары өртенген. Аспалы төбе де еріп кетті. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қостанай облысы, балабақша, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 17:50

Сурет: Қостанай облысы ТЖД

"121 бала мен 14 ересек адам эвакуацияланды. Құтқарушылар келгенге дейін 18 қызметкер мен 30 баладан өз бетімен сыртқа шыққан", – делінген хабарламада.
Қостанай облысы, балабақша, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 17:50

Сурет: Қостанай облысы ТЖД

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірілді. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.


Өртті сөндіруге 41 адам мен 8 техника жұмылдырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: