Прокурорлар 11 мемлекеттік сатып алу жобасын заңсыз деп таныды
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында прокурорлар мемлекеттік сатып алуға жеткізушілерді бәсекеге қабілетті емес тәсілмен таңдау фактілерін анықтады.
"Еңбек-Өскемен" РМК филиалымен және "ҚазҚұрылысСервис" ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы – 6 млрд теңге. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.
Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап арыз жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды.
"Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы (Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript