Жаңалықтар тізбегі
0

Ташкент маңындағы қойма жарылысының себебі жарияланды

Ташкент маңындағы қойма жарылысының себебі жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2023 17:07 Сурет: uznews.uz
Үкіметтік комиссия 28 қыркүйекте Ташкент іргесіндегі Сіргелідегі қоймада болған жарылыстың себептерін зерделеу және оның салдарын жою туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия зардап шеккендердің жалпы саны 163 адам екенін анықтады. Олардың 150-і жеңіл, 13-і ауыр жарақат алған. Бұл туралы Kun.uz жазды. Ауыр жарақат салдарынан кәмелетке толмаған бір бала қайтыс болды. Зардап шеккен 24 адам ауруханаға жатқызылып, оларға медицина және психология көмегі көрсетілді.Қалған 138 зардап шегуші амбулаторлық ем алды. 23 қазандағы жағдай бойынша барлық жаралылар жазылып, үйлеріне қайтуға рұқсат етілді.

Төтенше жағдай салдарынан 39 көпқабатты үй мен 246 үйдегі 1370 пәтердің қасбеті, терезелері, есіктері мен шатырлары зақымданған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы - 14,5 миллиард сум (57 миллион теңге).

Өрт пен жарылыс металл және сэндвич-панельдерден тұрғызылған қоймада болған. Өрт болған қоймада ірі көлемдегі химиялық заттар, құрылыс және басқа да өнімдер белгіленген талаптарды бұза отырып, аралас күйінде сақталған. Оқиға орнынан алынған сынаманы химиялық зерттегенде полиэфирлер, ксилол, көмірсутектер, натрий гидроксиді, сутегі асқын тотығы, этиленгликоль және жоғары молекулалық көмірқышқылды күрделі эфирлер сияқты химиялық заттардың бар екені анықталды.

Оқиға орнын тексеру кезінде сутегі асқын тотығы қоймасының жанында орау қағазы мен басқа да жанғыш материалдар сақталғаны анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша, жарылыс қоймада сақталған химиялық заттар мен материалдардың өзара әрекеттесуі және химиялық өздігінен жану салдарынан болған. Кешенді сот-медициналық сараптаманың қорытындысы мен тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті қорытынды дайындалады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: