Жаңалықтар тізбегі
0

Комиссия кінәлілерді іздейді: Екібастұзда төтенше жағдайдың себептерін тексеру басталды

Екібастұздағы жағдай Сурет: primeminister.kz
Арнайы комиссия Екібастұзда болған коммуналдық төтенше жағдайдың себептерін тексеру нәтижесін жариялауға уәде берді. Ал әзірге коммуналдық қызметтер ақауларды жөндеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Екібастұзда жылу қосылмаған үйлердің саны артып келеді – проблемалы 17 көпқабатты үйге тағы 25 үй қосылды. Ал арнайы комиссия мен Энергетика министрлігі болып жатқан жағдайдың себебін анықтауға кірісті.

Қала әкімі Аян Бейсекин атап өткендей, ҚР Ядролық және энергетикалық бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов бүгін осы мәселеге кінәлілерді іздеуге қатысты өз ойын айтты.

"Бұл факті бойынша қазірдің өзінде тексеріс басталды. Біз жергілікті атқарушы орган болғандықтан, олар құзырлы орталық мемлекеттік орган болғандықтан құқықтық бағаны солар береді". Аян Бейсекин

Шенеуніктер жағдайды бақылап жатырмыз деп отыр. Арнайы комиссия тексеру қорытындысын 10 күннен кейін жариялауға уәде берді.

Осы аралықта Екібастұзға өзге өңірлерден мамандар келіп, жергілікті коммуналдық қызметке көмек берді. Олар үшін жылу пункттері мен ыстық тамақ ұйымдастырылған. Еріктілер тұрғындарға жылы көрпелер мен жылытқыштар жинайды. Жергілікті билік енгізген төтенше жағдай жалғасып жатыр.

Бұған дейін қалада жедел штаб отырысы өтіп жатқаны хабарланған еді. Оған премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС құрылтайшылары қатысты, - деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейін хабарлады, ол дегеніміз 70%-дан астам. Жылу желілерінің зақымдануын жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: