Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысындағы екі баланың өлімі: арнайы комиссия тексеру жүргізеді

Қызылорда облысы, газ, бала өлімі, газға улану, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 15:07 Сурет: pixabay
Қызылорда облысында болған қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшінжан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 11 қыркүйек күні таңертең Қызылорда облысы Шиелі кентінде екі бала қаза тапты. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ хабарлауынша, алты және үш жастағы екі бала газға уланып қалған.

"Отбасы жеке үйден уақытша баспана жалдап тұрған. Үй иесінің айтуынша, газ плитасының шүмегі ашық болған. Апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылады", – деп хабарлады "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ.

Компания өкілдері газды үйде пайдаланған кезде мына қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды:

  • газдың иісін сезсеңіз, дереу 104 нөміріне хабарласыңыз;
  • балаларды газ құрылғыларынан алыс ұстаңыз;
  • мұржаны жиі тексеріп отырыңыз;
  • рұқсатсыз газ жабдығын қосуға немесе жылжытуға болмайды;
  • газ жабдығын тек мамандар орнатуы керек;
  • жылыту үшін газ плиталарын пайдалануға тыйым салынады;
  • үйде жасалған пештерді өз бетіңізше орнатуға немесе пайдалануға тыйым салынады.

2023 жылғы 11 қыркүйек күні таңертең Қызылорда облысы Шиелі кентінде орналасқан жеке тұрғын үйде екі бала газға уланып, қаза тапты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: