Оңтүстік өңірлерде жарықтың өшу себептерін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

Арнайы комиссия, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2022 20:20 Сурет: pixabay
Қазақстанда оңтүстік өңірлердегі электр энергиясының сөну себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауға себеп болған "КЕGOC" АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауы және даму себептері мен шарттарын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Тексеріс нәтижелері бойынша орын алған технологиялық бұзушылықтарға алдыңғы уақытта жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетін болады.

Айта кетсек, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы авариялық жағдайда ажыратылып, сол күні сағат 16.00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларына жарық қайта берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: