Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде машинистерді үйінде жұмысқа жеккен депо басшысы ісі бойынша комиссия құрылды

zakon.kz Сурет: zakon.kz
Машинистердің шағымы бойынша арнайы комиссия құрылды.

Ақтөбедегі локомотив депосының 100 қара жұмысшысы бүгін бастықтарына қарсы шықты. Өйткені бәрі қысым көрген. Күні-түні пойыз жүргізіп келген машинистерді директор өз үйінің жұмысына құлша жегеді екен. Көнбегендері қызметтен қуылып, айлықтан айрыламыз дейді. Шыдамы таусылған шойынжол қызметкерлері директорды ғана емес, локоматив пайдалану депосының басшыларын түгел жұмыстан қууды талап етіп отыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Таң атысымен әділдік іздеп шулаған шойынжол қызметкерлерінің шыдамы шегіне жеткен. Сөздеріне сенсек, локоматив пайдалану деопосының директоры Талғат Медеубаев орынбасарларымен қосылып машинистерге күн көрсетпейді. Отырсақ "опақ, тұрсақ сопақ болдық" деп ашынады олар", - дейді телеарна тілшісі.

Нұрлан Тәттібаев, машинист:

- Қысым көрдік. Бізді адам есебіне алмайды. Сәлем бермесең, "сәлем бермедің" дейді. Сәлем берсең, "дұрыс сәлем берген жоқсың", - дейді. Деподағы қабылдау бөлмесінде, күту залында отыра алмаймыз. "Неге отырасың", - дейді.

Жанғали Тәжиев, машинист:

- Екі сөзінің бірі боқтық. "Мисызсыңдар, арамтамақсыңдар" - дейді. Директор күні-түні пойыз жүргізіп, кезекшіліктен шыққандарды өз үйінің жұмысына жегетін көрінеді. «Көнбегендері қызметтен кетеді, болмаса айлықтан айырылады» дейді.

Дархан Қанатов, машинист көмекшісі:

- Үйінің жұмысын істетеді. Медеубаевтың үйінің қарын күрейміз. Он бала болып қарын күредік. Үш-төрт адам тұрды ғой, солар үйінің жұмысын істеген. Құбырын істеген адамдар бар. Мен өзім қарын күредім.

Теміржолшылардың арызы мұнымен бітпейді. "Пойыз жүргізуге кеткен артық сағатына ақы алмайды және медициналық тексеруге төленетін ақшаны да бермей келді" - деп өкпелі.

Жұмабек Ысқақов, машинист:

- Жұмысшының міндетін қорғап, бізді тексеріп, артық сағатамыздың төленбеуі... жалпы құл болып жүрміз. Күнімен-түнімен пойыз сүйреп жүрміз. Жұмыс оңай емес. Жұмысымызды еңбекақымызға сай қылып төлесе екен.

Машинистердің наразылығын естіген еңбек инспекторлары депоға шұғыл жетті. Олар жұмысшылардың шағымдары дәлелденсе, директорды орынбасарларымен қосып "оңдырмаймыз" деп отыр.

Бауыржан Оразаев, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары:

- Сұрақ көп. Бірақ біздің құзырымызға кіретін сұрақтарды қараймыз. Арыз жазуға уақыт көп алмайды.

Локомотив пайдалану депосының директор Талғат Медеубаев жұмысшыларының айтқаны "жала" деп отыр. Онымен қоймай, қарамағындағыларының қойған сұрақтарына жөнді жауап беріп жарытпады.

Талғат Медеубаев, Ақтөбе локомотив пайдалану депосының директоры:

- Ондай жұмыста қысымшылықты мойындамаймын. Ондай ешқандай.. Без комантариев... Жоқ.

Машинистердің шағымы бойынша арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында прокурорлардан бастап, еңбек инспекторлары мен теміржолшылар да бар. Олар бір апта бойы тексеру жүргізеді. Одан соң локомотив депосының басшылары жұмыста қала ма, немесе қош айтыса ма, белгілі болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: