Аза тұту күні той тойлаған аудан әкімі мәселесін арнайы комиссия қарағалы жатыр

Коллаж Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2020 16:02 Коллаж Zakon.kz
Енді әкімнің нені тойлап, нені мейрамдап жүргенін анықтау үшін Ақмола облысында арнайы комиссия құрылды.

Ақмола облысының Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері Жалпыұлттық аза тұту күні Жаңа жыл тойлапты. Ұшақ апатына қатысты жарияланған қаралы күндегі олардың бұл әрекетіне ашынған ерейментаулықтар полицияға арызданған, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Бірақ оларды тоқтатқан ешкім болмады. Сол күні Президент Жарлығымен аза тұту күні жарияланып, республика бойынша ойын-сауық іс шаралары кейінге шегерілген еді. Бірақ, бұл қайғылы жағдайға да, Президент Жарлығына да Ерейментау ауданының әкімі мен қызметкерлері селт етпеген сыңайлы. Жаңа жылдық кеште жергілікті мәслихат депутатының мейрамханасында асыр салып той тойлаған. Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов сол кеште әйелімен бірге "туған күнде болдым" деп отыр", - дейді телеарна тілшісі.

Абай Әлжанов, Ерейментау ауданының әкімі:

- Бір туыстардың туған күнінде болдық. Мен кірдім де, шықтым, бір туысымның... несіне... жолдасыммен. Беретінімді беріп,құттықтап шықтым.

Енді әкімнің нені тойлап, нені мйрамдап жүргенін анықтау үшін Ақмола облысында арнайы комиссия құрылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: