Алматыда жолаушылар тасымалына 30 жаңа автобус берілді

Алматыда жолаушылар тасымалына 30 жаңа автобус берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 10:43 Сурет: Алматы әкімдігі
Жеке тасымалдаушы "Мадина" ЖШС сыйымдылығы үлкен (100 адамға дейін) Yutong маркалы газбен жүретін 30 жаңа автобус (автобустың ұзындығы – 12 метр) сатып алды.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, барлық автобус төмен еденді. Олар кондиционермен және пешпен жабдықталған.

Аталған автобустар есебінен №128 және №72 маршруттар жаңартылады. №128 маршрутта 17, ал №72 маршрутта 9 автобус жаңартылады. Қолданыстағы автобустар №25 маршрутқа бағытталады.


"Жалпы субсидиялау шарты бойынша тасымалдаушылар әр 7 жыл сайын жаңа автобустар сатып алады. Биыл жеке автопарктер 355 жылжымалы бірлік сатып алды. Соның есебінен 22 маршрут жаңартылып, 9 жаңа маршрут іске қосылды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Анықтама үшін:

  • Жаңа маршруттар: № 9, 43, 49, 213, 223, 230, 233, 236, 240.
  • Жаңартылған маршруттар: № 8, 13, 15, 17, 24, 29Р, 37, 38, 46, 47, 53, 65, 69, 88, 109, 115А, 119, 122, 125, 131, 207, 212.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: