Таразда су жаңа 15 автобус пайдалануға берілді

Таразда су жаңа 15 автобус пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 12:18 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін облыс орталығы – Тараз қаласында су жаңа 15 автобус пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, "ӘулиеатаТрансПасс" ЖШС-нің автобус жүргізушілеріне көлік кілттерін табыстады.
"Қаладағы қоғамдық көліктердің паркін жаңарту және санын артыру жұмыстары қолға алынып, жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі жаңа автобустардың жеткізілуі – осының айқын көрінісі", – деген шаһар басшысы қаладағы автопарктер тұрғындарға сапалы қызмет көрсету қажеттігін тілге тиек етті.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"ӘулиеатаТрансПасс" ЖШС басшысы Рашид Пірмановтың айтуынша, шаһарға жеткізілген "Isuzu" маркалы су жаңа қоғамдық көліктер көршілес Өзбекстан мемлекетінде өндірілген. Олардың ұзындығы 9 метрді, ал жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Автобустар төмен еденді, пандуспен және 6 бейнебақылау құрылғысымен жабдықталған.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеткізілген автобустардың 10 бірлігі №29 бағыттағы ескірген автобустарды алмастырса, қалған 5-еуі №12 маршруттағы кесте санын арттырады. Осылайша №12 бағытта қатынайтын 12 кестені 16 кестеге арттырып, жүру жиілігін 12 минуттан 8 минутқа дейін қысқарту көзделуде.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы Тараз қаласында жолаушылар тасымалын жандандыру, жетілдіру және тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген болатын. Соған сәйкес жыл сайын қалаға 70 жаңа автобус жеткізу жоспарланған еді. Алайда биыл облыс орталығына бүгінгі күнге дейін 80 бірлік автобус жеткізіліп, жоспарлы меже артығымен орындалуда. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін қосымша 50 автобус алып келу жоспарланып отыр.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту үшін өткен жылы Тараз қаласына 73 жаңа автобус жеткізілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: