Жаңалықтар тізбегі
0

Бір аптада 250 келі есірткі тәркіленіп, 125 қылмыскер ұсталды

Бір аптада 250 келі есірткі тәркіленіп, 125 қылмыскер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 10:24 Сурет: polisia.kz
“Қарасора” арнайы операциясының соңғы аптасында Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, Алматы және Астана қалаларында 110 есірткі құқық бұзушылығы анықталды.

Бір аптада 125 қылмыскер ұсталды. 250 келі есірткі, оның ішінде 238 келі марихуана, 2 келі гашиш және 10 келі синтетика тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

  • Қарағанды қаласына кіре берісте Астананың 35 жастағы тұрғыны ұсталды, оның көлігінен 2,7 келі мефедрон тәркіленді.
  • Шымкентте жергілікті тұрғынның көлігінен 3,2 келі мефедрон табылды.
  • Алматыда Skoda автокөлігінің салонын тінту кезінде 6 келі гашиш тәркіленді.
  • Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында Sсаnia жүк көлігі тоқтатылып, 4 келіден астам марихуана анықталды. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тағы 136 келі есірткі табылды.
  • Жамбыл облысының Шу ауданында жергілікті тұрғын ұсталып, одан 67 келі марихуана тәркіленді. Ұсталған адамның айтуынша, ол бақылаудың азаюын күтіп, есірткіні қыста тасымалдауды жоспарлаған.
  • Астанада жергілікті тұрғынның пәтерін тінту кезінде 1,5 келі мефедрон тәркіленді.
  • Теміртауда 22 жастағы есірткі жасырушы ұсталды. Одан 350 грамм мефедрон салынған 300 түйіншек тәркіленді.

Барлық факті бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда аталған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.


"Жыл басынан бері ішкі істер органдары барлығы 6 217 құқық бұзушылықты анықтады. 32,5 тонна түрлі есірткі, оның ішінде 5,8 тонна марихуана, 62 келі героин, 270 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесімен айналысқан 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде үш трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды. Есірткі топтарының 14 көшбасшысы және 52 мүшесі ұсталды, олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар. 40 есірткі зертханасы жойылды, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: