Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан шетелдік азаматтар ажал құшты

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан шетелдік азаматтар көз жұмды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 14:54 Сурет: ҚР ІІМ
Апат салдарынан екі жүргізуші және Chevrolet Captiva жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

29 қазанда Самара – Шымкент автожолының 606-шақырымында Kia Rio автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы Батыс Қазақстан облысы жағынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына қарай келе жатқан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматының басқаруындағы Chevrolet Captiva автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші және Chevrolet Captiva жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ екі көлік құралының екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен Қобда аудандық ауруханасына жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: