Ақтауда сот қала билігін заңсыз салынған тұрғын үй кешенін бұзуға мәжбүрледі

Маңғыстау облысы,  Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, заңсыз салынған тұрғын үй,  Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 18:51 Сурет: Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы
Ақтауда рұқсатсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын үй кешені рұқсатсыз және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасыз салынған. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы мәлімдеді.

Ғимаратты бұзу туралы қаулыны Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарған. Ғимарат 30 қазан күні сүрілді.

"Ақтауда заңсыз, қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынған нысандармен күрес белсенді түрде  жүргізіліп жатыр. Заңсыз құрылысты тоқтату үшін сотқа көптеген талап-арыздар жолданды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп бұзу шаралары қолға алынады". Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Дәурен Өтепқалиев

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жер учаскелерін беру және объектілердің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: