Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда жасөспірімдер арасында төбелес шығып, алты жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтау, жасөсіпірмдер арасындағы бұзақылық, жаппай төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 21:12 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 27 қазанда сағат 23:00 шамасында әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полицейлер Ақтау қаласының 28 және 27 шағын аудандары арасындағы жолда бір топ жасөспірім өзара төбелесіп, бір-біріне тас пен бөтелке лақтырған видеосын байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінен құралған жасақ төбелес болған ауданға барып, 15 пен 18 жас аралығындағы 76 жасөспірімді Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізді.

Кәмелетке толмаған 56 баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы ("Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, 6 жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 
Осы жағдайға орай Маңғыстау облысының полиция департаменті ата-аналарды бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге шақырды.
"Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Құрметті ата-аналар! Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бала тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, күнделікті қадағалауыңызды сұраймыз". Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: