Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-дағы арнайы операция: полицейлер Қазақстанға көкнәр жеткізу арнасының жолын кесті

Көкнәр, ҚР ІІМ, БҚО полиция департаменті, есірткі арнасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 09:14 Сурет: Zakon.kz
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті БҚО полициясымен, көліктегі полициямен, прокуратурамен бірлесіп, құрамында көкнәр мен апиынның қоспалары бар тағам көкнәрінің шетелден жеткізілу арнасының жолын кесу бойынша кең ауқымды операцияны аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайыновтың мәлімдеуінше, жедел-тергеу топтары Орал, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларының аумағында Алматыда апиын көкнәрін сатып алып, оны еліміздің батысында сатқан сегіз адамды ұстады.

Есірткі трафигін Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Ақтөбе мен Оралдағы төрт дүкеннің иесі болып шықты. Сол арқылы күдікті есірткі жасауға арналған көкнәр сабаны мен өнеркәсіптік еріткішті сатқан. Полиция бір мезгілде Астана, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Рудный қалаларында 35 тінту іс-шарасын жүргізіп, күдіктілерді ұстады. Сарқытбай Құсайынов

Орал қаласында жүргізілген тінту барысында екі дүкенде 13 қап кептірілген көкнәр сабаны, еріткіші бар қораптар, таразылар, есірткі саудасынан алынған ақша ағындары тіркелген кассалық журналдар тәркіленді.

Ақтөбеде тағы 68 қап көкнәр сабаны, еріткіші бар қаптамалар, кассалық журнал және қылмыскерлер есірткі тасымалдайтын Toyota Highlander жол талғамайтын көлігі тәркіленді.

Шымкентте қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы ұсталды. Оның үйінен есірткі саудасының қаржы ағындары тіркелген алты кассалық журнал, бес қап кептірілген көкнәр сабаны, Toyota Land Cruiser Prado 150 жол талғамайтын автокөлік, сондай-ақ DAF ауыр жүк көлігі табылды.

Алматыда қылмыстық топ мүшелерінің бірі жалға алған қойма үй-жайларына тінту жүргізілді. 22 тоннадан астам көкнәр сабаны, сондай-ақ BMW X5 автокөлігі табылып, тәркіленді.

Бір мезгілде көлік полициясы Астана, Алматы, Қостанай және Рудный қалаларында апиын көкнәрін сату бойынша ортақ отбасылық қылмыстық бизнесті жолға қойған жеті фигурантты ұстады.

"Жүргізілген арнайы операциялар нәтижесінде қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды. Олар 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 104 тоннадан астам көкнәр сабаны, 600-ден астам "тропикамид" және "мидекс" дәрілік препараттарының бөтелкелері, шамамен 5 млн теңге, 4 автокөлік және DAF ауыр жүк көлігі тәркіленді. Бұл ретте бір реттік доза үшін 0,2 грамм экстракциялық апиын жеткілікті екенін атап өткен жөн. Осылайша айналымға апиынның бір миллионнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді. Тәркіленген өнімнің құны 4 млрд теңгеге бағаланады", – деді Сарқытбай Құсайынов.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: