Синоптиктер Қазақстандағы поляр шұғыласына қатысты пікір білдірді

Қазақстан тұрғындары қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарынан теріскей шұғыласын байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, күн сәулесінен бөлінген зарядталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы сирек кездесетін газдарға әсер еткенде поляр шұғыласын байқауға болады.
"Теріскей шұғыласы геомагнит белсенділігінің салдарынан болады. Бұл метеорологиялық құбылыс біздің ендіктерге тән емес және елде өте сирек кездеседі", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде аспанның қызыл түске боялған сәтінен фотолар пайда болды. Бірегей аспан құбылысын сол түні Ресейдің барлық дерлік аймағының тұрғындары, Беларусь тұрғындары байқағаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript