"Теріскей шұғыласы": Қазақстан, Ресей, Беларусь тұрғындары аспандағы ерекше құбылысты байқады

"Теріскей шұғыласы": Қазақстан, Ресей, Беларусь тұрғындары аспандағы ерекше құбылысты байқады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 09:00 Сурет: әлеуметтік желі
Аспанның қызыл түске боялған сәтін еліміздің әр өңіріндегі Қазнет қолданушылары бөлісіп жатыр. 6 қарашаға қараған түні елдің орталық бөлігінде, солтүстік пен батыста ерекше құбылыс байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пайдаланушылардың көбі аспандағы қан қызыл құбылысты "Теріскей шұғыласы" деп атады. Кейбір жерлерде фотода жасыл жыпылықтаулар көрінеді. Әлеуметтік желі қолданушылары көргеніне сүйсініп, осы туралы әңгімелеп жатыр.

Бірегей аспан құбылысын сол түні Ресей Федерациясының барлық дерлік облысының, сонымен қатар Беларусьтің тұрғындары да байқағаны белгілі болды.

Ресей ғалымдары бірқатар аймақтарда байқалған поляр жарқылын бір күн бұрын болған қуатты күн жарқылымен байланыстырады. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Қазақстандықтар биыл көктемде де осындай құбылысты байқаған еді. Сол кезде бұлттар әдеттен тыс жарқылмен жарықтанып, кенет жоғалып кеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: