Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте 1268 адам көлік айдауға қарсы көрсетілімі болса да, автомобиль тізгіндеген

Шымкентте 1268 адам көлік айдауға қарсы көрсетілімі болса да, автомобиль тізгіндеген, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 16:17 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Шымкентте 1268 адам жүргізуші куәлігінен айырылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының прокуратурасы көлік жүргізуге медицина жағынан қарсы көрсетілімі бар 1268 адамды анықтады. Олардың көбі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады.

2022-2023 жылдары олар 1300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзып, 28 жол-көлік оқиғасын жасаған. Көліктер зақымданып, салдарынан зардап шеккендерге материалдық шығын келтірген.

"Аталған тұлғалардың жүргізуші куәлігін иеленуі заң талаптарына қайшы келуіне байланысты, прокуратураның актісі бойынша сот шешімімен 37 тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Қалған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр".Шымкент қаласының прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: