Костенко шахтасында қаза болған соңғы адамның денесі сыртқа шығарылды

Қарағанды облысы, Костенко атындағы шахта, шахтадағы жарылыс, кенші, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 13:34 Сурет: pxfuel
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46-жұмысшының денесі 6 қараша күні кешке жердің бетіне шығарылды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің 7 қараша күні хабарлауынша, қаза тапқан кеншілердің соңғысының сүйегі 6 қараша күні сағат 20:00 шамасында табылып, жер бетіне шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді.

"Іздестіру жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды ​​филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды, іздеу жұмыстары күні-түні жүргізілді", – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шахтада қаза болған 46-кенші Александр Валерьевич Прокудин екені белгілі болды.

Костенко атындағы шахтада қаза тапқан соңғы адамның мәйіті табылғаны жөнінде ақпарат БАҚ-та 30 қазанда жарияланды. Бірақ ол ақпарат ресми расталмаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: