Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқор шенеуніктер көбіне қай қалаларда анықталған

Жемқорлық жасаған мемлекеттік қызметкерлердің көбі Алматы, Шымкент қалаларында, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 14:43 Сурет: Zakon.kz
Елімізде кейінгі 10 айда 1500-ге жуық жемқорлық қылмыс тіркелді, 1100-ден астам адам әшкереленді, оның 158-і түрлі деңгейдегі басшылар. Сотқа 1 мыңнан астам іс жіберілді, олар бойынша 282 млрд теңге залал өтелді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 10 айдағы жұмыс нәтижесін жариялады.

  • 2021 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Оның ішінде 159,8 млрд теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті. Мысалы, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге, Түркиядан 253 млн теңге қайтарылды.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда тіркелген жемқорлық қылмыстарға ерекше назар аударады.
"Жыл басынан бері өңірлерде барлығы 215 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 137-сі басшылар. Жемқорлыққа ұшыраған мемлекеттік қызметкерлердің ең көп саны Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарына тиесілі", - деп хабарлады агенттік.
  • Сонымен қатар агенттік қызметіндегі басым бағыт – превенция жұмысы. Есепті кезеңде түрлі салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 180-ге жуық талдау және мониторинг жүргізілді. Оларды жою бойынша 1 500-ден астам ұсыныс енгізілді. Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында Антикор 38 млрд теңгеден астам шығынның алдын алды.
  • Еліміздің облыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде жалпы бюджеті 2,44 трлн теңге болатын 156 әлеуметтік нысан белгіленді. Оларды жымқыруға жол бермеу мақсатында құрылыс барысына мониторинг жүргізіледі. Бұл процеске жұртшылық та қосылған.
"Жалпы халықтың жемқорлыққа қарсы белсенділігі артып келеді. Биыл тамыз айында іске қосылған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасына 2 мың бей-жай қарамайтын қазақстандық қатысып жатыр. Сонымен қатар "Бизнес жол" жобасы іске асып жатыр. Ол кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған. Іске қосылған сәттен бастап 24 мың бизнес субъектісіне көмек беріледі. 550-ден астам проблемалық кейс шешілді".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: