Алматыда жол ережесін 81 рет бұзған жүргізуші млн теңгеден астам айыппұл арқалады

Алматы, жол ережесін бұзған жүргізуші, жол ережесі, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 09:31 Сурет: polisia.kz
Алматыда Toyota көлігінің жүргізушісі аз ғана уақыттың ішінде 81 рет жол ережесін бұзды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, оған салынған жалпы айыппұлдың көлемі 1 миллион 29 мың 615 теңге болды.

"Бұл бұзушылықтар қаладағы бейнежүйе арқылы тіркелген. Жүргізуші көбіне жылдамдықты асырған. Оны "Қорғау – қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстадық", – деді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ержан Ұзабаев.

Қостанайда жылдамдықты 51 рет асырған жүргізушіге 1,5 миллион теңге айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: